ҚР Президентінің телерадиокешені дайындаған жаңа деректі фильм Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға мемлекеттік сапарына арналады.
Мемлекет басшыларының кездесулері кезінде екіжақты табысты ынтымақтастықтың 32 жылындағы жетістіктер сарапқа салынды.
Сондай-ақ, инвестициялық саладағы ынтымақтастықты тереңдету, сауда құрылымын әртараптандыру мен тауарлар атауларын арттыру, «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын одан ары ілгерілету, екі елдің көлік ынтымақтастығын кеңейту және мәдени-гуманитарлық саладағы көпқырлы өзара іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды.\