Басты бетМемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады.

– Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген  тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.