Басты бетПрезидент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.