Президент Телерадиокешені V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастырылу деңгейі, өту барысы және елімізге беретін пайдасы, сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінің дамуы туралы деректі фильм ұсынады. Фильмнің кейіпкерлері ретінде ерекше оқиғалары бар қазақстандық және шетелдік спортшылар таңдап алынды. Сондай-ақ деректі фильмде Көшпенділер ойындарының тарихи негізі, Ұлы дала өркениетінің адамзаттың дамуына қосқан үлесі жайлы шетелдік ғалымдардың пікірлері қамтылады.