Басты бетПрезидент архиві

Президент архиві

Президент архиві

Деректі фильм Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің 30 жылдығына орай түсірілді. Қазіргі таңда еліміздегі архив саласының стратегиялық дамуын, жаңа тенденциялары мен векторын айқындайтын ұйымдардың бірі – Президент Архиві. Бұл мекеме 1994 жылы 14 қаңтарда «Жаңа тарих Орталық мемлекеттік архивінің» негізінде құрылды. Архивтің негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің және Мемлекет басшысына есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметін архивтік қамтамасыз ету. Бүгінде бұл мекеме 45 ұйымның құжатын жинастырып, сақтап отыр. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты Президент Архиві де өз алдына үлкен міндеттер қойып отыр. 2022 жылдың маусымында «Архивті дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасы» қабылданды. Фильм барысында Президент Архивінің құрылу тарихы, дамуы және осы саладағы рөлі баяндалады.