ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа деректі фильмі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапарына арналады.
Сапар аясында Қазақстан мен Франция президенттері жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізді, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған Бірлескен декларация қабылдады.
Фильмде екі ел арасындағы қол жеткізілген келісімдер, делегация мүшелерінің пікірлері, қазақ-француз қатынасы кең көлемде қамтылған.