![Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады](/images/attachments/message-01-10-1-6752e6b9a542b469765440.jpg)
Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.