
Орталық Азиядағы барлық ірі өзен трансшекаралық. Аймақтағы бес мемлекеттің ішінде Қырғызстанның ғана өз өзендері бар, ал Қазақстандағы ірі сегіз су артериясының жетеуі көрші елдерден бастау алады. Өзендердегі су ағынының жыл сайын қысқаруы айтарлықтай экологиялық проблемалар туғызып отыр. Құрғақшылық пен ылғалдың жетіспеуі ауыл шаруашылығына және адамдардың денсаулығына әсер етуде. Қазіргі проблеманың ауқымы қандай, ғалымдар мен сарапшылар қандай болжам жасайды? Мемлекеттер нендей шара қолданып жатыр? Қазақстан су туралы ғылымды қалай жандандырмақ және Су ресурстары министрлігі не үшін құрылды? Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені әзірлеген «Су» деректі фильмі осы секілді көптеген сұрақтарға жауап береді.