
ҚР Президентінің Телерадиокешені жасанды интеллект жағдайындағы әлем және ондағы Қазақстанның орны, отандық өнімдер мен әлемді бағындырып жатқан стартаптар туралы деректі фильм дайындады.
Жасанды интеллект қарқынды дамып, қоғамда елеулі өзгерістерді талап етеді. Осы тұрғыда Қазақстанда 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 желтоқсанда елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға қатысты ойымен бөлісіп, маңызды міндет – деректерді сапалы түрде цифрлық форматқа көшіру және жүйелеу қажет екендігін атап өтті.