
ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа деректі фильмі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарына арналады.
Сапар аясында мемлекет басшысы әлемдік көшбасшылар жиналған «Абу Даби орнықты даму апталығы» саммитіне қатысты. Фильмде жаһандық жасанды интеллект экожүйесінің белсенді мүшесі болуға ұмтылыс жасап жатқан Қазақстанның алдағы қадамдары қамтылған. Сондай-ақ, Жамбыл облысында Біріккен Араб Әмірліктері салатын қуаты 1 гигаватт жел электр станциясының мән-жайы айтылды.