
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін наградталды:
I дәрежелі «Барыс» орденімен
Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы;
I дәрежелі «Даңқ» орденімен
Қожаев Марат Шәдетханұлы – Парламент Сенатының депутаты;
II дәрежелі «Даңқ» орденімен
Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары
Балтабеков Аңсаған Ескендірұлы – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы
Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары
Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы – Бас Прокурордың орынбасары;
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен
Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы
Құсайынов Олжас Сағындықұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы
Цой Олег Владимирович – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы;
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен
Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ақылов Еркін Бекетұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы
Әмірхан Талғат Әмірханұлы – Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы
Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары
Молдабаев Қайрат Бекзатұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі басқарма бастығының орынбасары
Мұстафин Айбек Мамытбекұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі
Финансов Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы
Шабер Виталий Николаевич – Бас прокуратураның департамент бастығы;
«Құрмет» орденімен
Камалов Алпамыс Әмірғалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры
Кәріпова Айнагүл Төкенқызы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) қызмет басшысының орынбасары;
«Ерлігі үшін» медалімен
Есқалиев Ержан Кеңесұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі
Жұманбек Зарина Қайратқызы – Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының аға ғылыми қызметкері
Қазыханов Дамир Дүйсенбайұлы – Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің взвод командирі
Тащанов Әсет Қамажанұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен
Алхамов Абылайхан Ерталапұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі
Бақыт Шыңғыс Жақсылықұлы – Қорғаныс министрлігі 25744 әскери бөлімінің танк командирі
Кангозина Ольга Сергеевна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел уәкілі
Мейірбаев Руслан Серікұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің фельдшері
Омарғалиев Дәурен Батырғалиұлы – Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары
Тоқанов Бекзат Шәмшіденұлы – Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің күзеті қызметінің бөлім бастығы
Төлеңгітов Мирлан Айтқазыұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығының орынбасары;
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін
Байқадамова Алуа Бақытжанқызы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығы орынбасарының – «Әскери даңқ» музейі бастығының лауазымын уақытша атқарушы.