
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Президент Телерадиокешенінің» 22 қызметкері мемлекеттік наградалармен және Президенттің Алғыс хаттарымен марапатталды. Оларға қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ақпаратпен қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі және отандық журналистиканы дамытуға сіңірген еңбегі үшін құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар марапаттар 2025 жылғы басты оқиғаға айналған Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты ақпараттық қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін де табысталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
-
Еркежан Күнтуған — «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры;
-
Жеңіс Сағымбаев — «Ақорда» техникалық-өндірістік қызметінің бас режиссері;
-
Мұрат Байгереев — «Ақорда» техникалық-өндірістік қызметінің аға телеоператоры;
-
Сапарақын Шәріпхан — телевизиялық және деректі жобалар секторының инженері.
Президенттің Алғыс хатымен марапатталғандар:
-
Камила Камназарова — «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының бағдарламалық директоры;
-
Асылбек Тойбеков — ішкі хабар тарату бөлімінің ақпараттық-талдамалық бағдарламалар қызметінің тілшісі;
-
Дина Аймағамбетова — эфирлік қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі;
-
Қуаныш Қожабеков — жарнама және анонстарды ілгерілету қызметінің режиссері;
-
Алина Төлеубаева — «ҚазАқпарат — Kazinform» ХАА фотоақпарат қызметінің жетекшісі;
-
Айқын Бекетаев — жаңалықтар және ақпараттық бағдарламалар секторының бас телеоператоры;
-
Есім Даркеев — техникалық-өндірістік қызмет басшысының орынбасары;
-
Замир Убайдаев — телевизиялық және деректі жобалар секторының бас телеоператоры.
Президент Әкімшілігі Басшысының Алғыс хатына ие болғандар:
-
Абылайхан Өмірбаев — жарнама және анонстарды ілгерілету қызметінің жетекшісі;
-
Тамерлан Тлеубаев — ішкі хабар тарату бөлімінің ақпараттық-талдамалық бағдарламалар қызметінің тілшісі;
-
Айдос Қыздарбек — режиссерлік қызметтің режиссері;
-
Кенжегүл Молдаш — режиссер көмекшісі;
-
Рахат Мұқажанов — видеоинженер;
-
Маржан Сұлтұмбаева — «ҚазАқпарат — Kazinform» ХАА Telegram-арнасының редакторы;
-
Мақсат Тастенбеков — телевизиялық және деректі жобалар секторының жетекші телеоператоры;
-
Асет Омаров — жылжымалы телестанция қызметінің жетекші бейнеинженері;
-
Қанат Енсебаев — телевизиялық және деректі жобалар секторының жетекші телеоператоры;
-
Қожабек Ақанов — жаңалықтар және ақпараттық бағдарламалар секторының телеоператоры.