
Жекелеген күштік органдарға ғана тән кемшіліктермен қатар, жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер ететін жалпы проблемалық бағыттар анықталды.
Талдау нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді, олардың пысықталуын жауапты мемлекеттік органдар қысқа мерзімде қамтамасыз етуге тиіс.
Қабылданып жатқан шаралар, қол жеткізген нәтижелер мен тиісті қорытындылар Мемлекет басшысына баяндалатын болады.
Тапсырманың тиісті орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайтын болады.