Басты бет«Ұлттық құрылтай: ел мүддесі»

«Ұлттық құрылтай: ел мүддесі»

«Ұлттық құрылтай: ел мүддесі»

Қалыптасқан дәстүр бойынша IV Ұлттық құрылтай Бурабайда өтті. 
Алқалы жиынның алғашқы күні құрылтай мүшелері азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім мен ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму тақырыптарында елдегі өзекті мәселелерді талқыға салды. 
14 наурыз күні Ұлттық құрылтайдың басты жиыны өтті. Онда Президент ономастика саласы, мемлекеттік және мекемелік марапаттар жүйесін жетілдіру, жасампаздық құндылықтарын дәріптеу, әлеуметтік кеселдерді жою, азаматтық қоғамды дамыту сынды ішкі саясатты жүйелейтін біртұтас бастамалар ұсынды.
Сонымен қатар, экономика мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған біршама ұсыныстар да айтылды. 
«Ұлттық құрылтай: ел мүддесі» деректі фильмінен осы аталған бастама-жоспарлар қандай механизм бойынша жүзеге асады және өткен үш құрылтай нақты қандай нәтижелер берді деген сұрақтарға жауап таба аласыз. 
Ұлттық құрылтай – елдің даму жолындағы маңызды қадам!