Басты бет"Жаңғырық"

"Жаңғырық"

"Жаңғырық"

Естімейтін тағдырға мойымаған қайсар актриса Гүлнардың өмірі мен арманы жайлы фильм. Гүлнар өмірге саңырау болып келгенін білмедім, сенбедім, бірақ ол тағдырды қабылдадым дейді анасы. Жиырма екі-ақ жастағы арудың алғаш есту аппаратын киген сәттегі таңданысы мен қиналысы, неге мен өзгелерге ұқсамаймын деп көз жасына ерік берген ауыр сәттер, сендерге арналған басқа оқу жоқ деген анасының ақылымен тігінші мамандығын оқуы, кәсіби шаштараз, визажист болсам деген арман, тұрмыс құру, сәбиін алғаш қолына алған сәттегі аналық мейірім мен толқыныс... Гүлнар кешіп жатқан тағдыр, оның қандай қиындыққа болсын мойымай, ағысқа қарсы жүзген қайсарлығы кімді де болсын елең еткізері, кімді де болсын таң қалдырары анық.