
«Кішкентай ҮЛКЕН адамдар» фильмі - балалардың көзқарасымен көрсетілген өмірдің шынайы әрі таңғажайып көрінісі. Бұл туындыда балалар өз өмірі, ата-анасы, мұғалімдері мен тәрбиешілері жайлы ашық айтады. Олар ересектерше ой бөлісіп, арман-қиял, қауіпсіздік, құқықтар мен қорқыныштар туралы толғанады.
Фильмде балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Жолда немесе үйде болуы мүмкін қауіптер, сондай-ақ ересектердің балаларды қорғаудағы рөлі көрсетіледі. Фильмде балалар құқығын қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі қырлары көрсетіледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ұсынған «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасының қоғамға әкелетін оң өзгерістері туралы да кеңінен баяндалады.