
Қазақстан Президентінің Телерадиокешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды эко жоба – Тұран жолбарысының Қазақстанға оралуы туралы деректі фильмді ұсынады. Президент Телерадио кешенінің түсірілім тобы Іле-Балқаш қорығының ең түкпіріне аттанып, Тұран жыртқышына арналған ерекше эко жүйе қалай біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын көрсетті. Мұнда жүз жыл бұрын қазақ даласынан жоғалып кеткен жолбарыстың үні қайта естілетін жағдай жасалып жатыр.
«Жолбарыс» фильмі – жай ғана жолбарыстар туралы емес. Бұл – Қазақстанның жабайы табиғатын және оның байырғы тұрғындарын өзіне қайтаруы туралы туынды.