
2025 жыл - Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы». Бұл бастама елімізде еңбекке деген құрметті арттырып, қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге бағытталған. Фильмде мына сұрақтарға жауап ізделеді:
- Жамбыл облысы бұл елдік бастаманы қалай іске асырып жатыр?
- Өңір қай салаларда табысқа жетіп, қандай жаңа өндірістерге жол ашты?
- Ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін еңбеккерлер нені мақтан етеді?
«Еңбек адамы – ел байлығы» топтамасындағы бұл шығарылым — еңбек пен дамудың тоғысқан тұсын көрсететін оқиға.
Өңірдің әлеуеті, нақты істер мен адам тағдырлары — бәрі «Әлеуетті Әулие-Ата» деректі фильмінде!