Басты бет«Өрттен кейін»

«Өрттен кейін»

«Өрттен кейін»

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі болғанымен, ормандар ел аумағының небәрі 5 пайызын ғана алып жатыр. От басылғаннан кейін не қалады? Осы сұраққа жауапты Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені түсірген «Өрттен кейін» атты жаңа деректі фильмінен табасыз.

Фильм авторлары 2022 және 2023 жылдары Қостанай мен Абай облыстарында болған жойқын орман өрттерін бастан өткерген адамдардың тағдырын баяндайды.
Түсірілім тобы апат болған аймақтарға арнайы барып, табиғи апаттан кейін жер қалай тіріліп жатқанын және орманды қайта қалпына келтіріп жүрген адамдар жайлы көрсетеді.