
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Мақсат – қоғам болып қарапайым жұмысшының қадірін арттырып, еңбек культін қалыптастыру. Сондай-ақ Президенттің 2027 жылға дейін елдегі орман алқабына 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш егу туралы да тапсырмасы бар.
«Бағбан» деректі фильмі осы аталған екі тақырыпты да қамтиды. Фильмнің кейіпкері осы күнге дейін 2 миллион түп ағаш егіп, зейнетке шыққаннан кейін де 8 гектар жерді бау-бақшаға айналдыруымен көпке үлгі болған Бектай Сүлейменұлы. Ол кісі қазір 86 жаста. Қызылордалық ақсақал өмірінің алпыс жылын орман шаруашылығына арнапты.