
Атырау – Қазақстан экономикасының жүрегі. Өңірдің жалпы мемлекеттің ішкі өніміне қосатын үлесі – республикалық көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда. Мұнай мен газдың күретамыры да осы өңірден бастау алады. Тек мұнымен шектелмеген Атырау өңірі бүгінде көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдаланып экономиканы әртараптандыруға күш салып жатыр.