
2025 жылы 31 тамыз бен 1 қыркүйек күндері Қытайдың Тяньцзин қаласында Шанхай Ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өтті. Бұл ұйым тарихындағы ең үлкен жиын болды. Саммитке 20-дан астам мемлекеттердің президенттері мен 10-нан астам халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Тянцзиндегі тарихи саммитке қатысып, Қытай астанасында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
«Мәңгілік достық» деректі фильмінде Мемлекет басшысының Қытайға сапары, Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммиті және қазақ-қытай қатынасы туралы айтылады.