
«Кедергі. Нуриланың әңгімесі» фильмі жас қазақстандық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, конкуршы Нурила Тұрысбекованың өмір жолы туралы шынайы әңгіме. Жеке сынақтары мен спорттық жетістіктері арқылы Нурила ат спорты аренасында ғана емес, адамның ішінде де бар кедергілер туралы ой бөліседі.