«Халық Заңы» – 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қалыптасу жолын, мазмұнын және тарихи маңызын баяндайтын деректі кино. Фильмде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформаның «бір палаталы Парламент» идеясынан бастап, жалпыхалықтық референдумға дейінгі барлық кезеңі жан-жақты көрсетілген. Мұнда Ата Заңды әзірлеуге тікелей қатысқан Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, «Әділ сөз» халықаралық қоғамдық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова және Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пікірлерімен бөліседі.