Басты бетМемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.