
«Тіршілік дәмі» – қазақ асханасын жаңа деңгейге көтеріп, оны қайта танытқан шеф-аспаз Артём Канцев туралы деректі фильм. Ол өзінің еңбек жолын туған жері Щучинск қаласындағы шағын дәмханалардан бастап, қаладағы алғашқы мейрамханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Уақыт өте келе Артём тек тағам дайындап қана қоймай, дәстүрлі қазақ тағамдарына жаңа серпін беріп, оларды заманауи, эстетикалық және бүкіл әлемге танымал етіп жасауды мақсат еткен. Бүгінде Артём Канцев – жоғары қазақ гастрономиясының көшбасшыларының бірі, Астанадағы үздік мейрамханалардың бірінің шеф-аспазы әрі ұлттық асхананың брендмейкері. Ол тағамдардың тарихын мұқият зерттеп, олардың әзірлену және ұсынылу тәсілін жаңғыртып, дәм мен мәдениетті біртұтас бейнеге айналдырады.
Бұл фильм – шабыт беретін, еңбек пен шынайы мамандыққа деген сүйіспеншілік туралы хикая.